Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы Алматы тауы маңындағы заңсыз салынған үйлерді бұзуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы таулары мен өзен жағасындағы заңсыз үй салудың алдын алу керектігін айтты, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

10017067

«Қаланың бұрынғы басшылары менің өзен жағасына үй салғандарды қуып жібер деген тапсырмамды жақсы біледі. Өзен жағасынан 50 метр жерге дейін ешқандай құрылыс салынбауы керек деген заң бар емес пе?», – деді президент Алматыда өткен жиналыста.

Елбасы сондай-ақ, осы тұрғыда заң бұзушылықтың орын алмауын қатаң тапсырды.

«Мен Шымбұлақта коттедж үйлер салуға тыйым салдым. Бірақ, олар үй салуды жалғастыра берген. Бұл заңға қайшы. Егер оған көнбесе, үйін бульдозермен бұзып тастаңдар. Ол үшін жауап бермейсіңдер», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін елбасының миллион тұрғыны бар қала санын көбейту керектігін, орыс тілін шектеген шенеуніктерді жазалау керектігін, сондай-ақ, қаланың мың жылдығын атап өту кезінде көзбояушылық жасамауды тапсырған болатын. Сонымен қатар, елбасының қаланы Бауыржан басқаруы керек дегені жайлы және мемлекет басшысының гипермаркеттен отандық өнім сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау