Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: 1 шілдеден бастап полицейлердің жалақысы 25 пайызға көбейеді

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 толуына және полиция күніне орай осы саланың қызметкерлерімен кездесті.

aff9fa09fb922728aaeb45abacb4bae2

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, дәл осы күні ширек ғасыр бұрын Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанын атап өтті.

«Бұл тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңінің айтулы қадамы болды. Ішкі істер органдарының қалыптасу тарихы мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылданғанын айтты.

«Жұрт сіздерге қарап, мемлекеттік билік туралы пікір қалыптастырады. Сол себепті, полиция қызметкері баршаға үлгі болуға тиіс. Қазақстан полицейлері алдағы уақытта да бар күшін, тәжірибесі мен қуатын абыройлы парызды сәтті орындауға жұмсайтынына сенімдімін», – деді Қазақстан президенті.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев: 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды

Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі

Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

Талқылау