Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Назарбаев Наурыз мейрамына шапан киіп келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Наурыз мейрамы салтанатына қатысты.

Фото: Akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың мерекесінде әдемі шапан киіп келді. Елорда тұрғындары қош шапалақтап, қошеметпен қарсы алды, деп жазады Ақорданың ресми сайты. 

Елбасы жастарға бата берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тауелсіздіктің 25 жылдығы» ескерткіші алдындағы алаңда орналасқан этно-ауылда болды. Этно-ауыл аумағында театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар, қолөнершілердің көрмесі мен ұлттық салт-жоралар көрсетілді.

Сапар барысында ебасы мен президент қонақтарды және елорда тұрғындарын, сондай-ақ барлық қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға бақыт тіледі.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы елордада таңертеңнен бері өтіп жатыр. Мемлекеттік орган, этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен 17 қазақүй тігілді. 

Наурыз мерекесі аясында елорда тұрғындары мен қонақтары EXPO көрме кешенінде дәстүрлі этно-ауылға ғана емес, сонымен қатар тақырыптық мұражай-киіз үйлерге де бара алады. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің көрсетілімін көреді, театрландырылған қойылымдардан, айтыстардан және қаланың жетекші шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттерге қатысады.


Ерлер де жылайды: Назарбаев президенттіктен кеткенде қай министрлер егіліп жылады

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр