Елбасы кездесуде орнынан тұрып, жөтеліп ауырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді (видео)

Назарбаевтың «Көктем шуағы» әйелдер қауымдастығының өкілдерімен кездесуі туралы видео жарияланды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бүгін «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысы әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан қыз-келіншектердің ішінде екеуінің салқын тигізіп алып, жөтеліп отырғанын аңғарған Елбасы оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытты. Президент орнынан тұрып, өз қолымен дәрі апарып берді. Сондай-ақ, оларға зор денсаулық тілеп, тезірек сауығып кетуіне ниеттестік білдірді. Сегодня в резиденции «Акорда» состоялась встреча Главы государства с представительницами женской общественности «Көктем шуағы». Заметив, что две участницы встречи простужены, Президент проявил к ним свою заботу и внимание. Нурсултан Назарбаев, встав с места, прошел к этим женщинами, и лично вручил им в руки лекарства, а также пожелал крепкого здоровья и скорейшего выздоровления.

Публикация от AkordaPress (@akordapress)

Видеоны Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. 

Таспадан мемлекеттің басшысының кездесу кезінде екі қатысушыға дәрі бергені байқалады. 

«Президент орнынан тұрып, екі әйелдің қасына барып, дәрі-дәрмектерді өз қолымен тапсырды. Сондай-ақ зор денсаулық тілеп, тез сауығуына ниет білдірді», - делінген хабарламада.

Елбасы дәрі берген әйелдің бірі «Астана-Зеленстрой» АҚ бригадасының басшысы Наталья Ермолина, екіншісі Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісінің орынбасары, алты баланың анасы Мәншүк Мәмбетова.

Іс-шарадан кейін екі қатысушы президенттің оларға жөтелге қарсы дәрі бергенін айтты. 


Назарбаев: 8 Наурыз - әйелдер мерекесі болғанымен, оны ерлер жақсы тойлайды

Загрузка...
Қазір оқып жатыр