Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы Әлішер Османовты "Достық" орденімен марапаттады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев USM Holdings компаниясының негізін қалаушысы Әлішер Османовты "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың сайтына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлішер Османовқа Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына және достықтың нығаюына үлкен үлес қосқаны үшін I дәрежелі "Достық" орденін табыстады", — деп жазылған хабарламада. 

Әлішер Османов — ресейлік кәсіпкер, өзбек халқымен туысы бар меценат, миллиардер. 2019 жылы ол Forbes журналы ұсынған "Ең бай 20 ресейлік кәсіпкер" рейтингісінде тоғызыншы орынды иеленді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, Әлішер Османовтың мүлкі 12,6 миллиар долларға бағаланған. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр