Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел тұрғындары жинаған долларын жаппай теңгеге ауыстырып жатыр

Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға дейін төмендетті. Бұл инфляция деңгейін жыл соңына дейін 6-8 пайыз көлемінде ұстап тұруға мүмкіндік береді екен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ымым

Сурет gdb.rferl.org

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша қаржы нарығындағы тұрақтылық пен валюта, депозит нарығындағы оң үдерістер базалық мөлшерлемені азайтуға септігін тигізіп отыр. Тіпті әлемдік биржадағы қара алтын құнының қымбаттауы да еліміздегі экономикалық ахуалдың аз да болса жақсаруына ықпал еткен. Яғни теңге бағамы тұрақталып, халық қолдағы шетел валюталарын жаппай сата бастапты.

Мәселен соңғы төрт айда азаматтар ақша айырбастау бөлімшелері арқылы 947 миллион долларды төл теңгеге алмастырған. Осыдан кейін базалық мөлшерлемені төмендетуге шешім шығарылды. Бұл көрсеткіш алдағы тамыз айының 15-не дейін жарамды.

“Базалық мөлшерлеменің төмендеуінен қандай да бір жылдам өзгерістер болмайды. Себебі экономикамыз жаңа талапқа енді ғана бейімделіп келеді. Сондықтан банктер бірден несиелендіруді ұлғайтады деп айту қиын. Бірақ жыл соңына дейін екінші деңгейлі банктердің несие беруі жиілеуі мүмкін”, – дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Талқылау