Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға 407 млн теңге бөлінді

Тәуелсіздік мерейтойын атап өту аясында жыл басынан бері 8 мыңнан астам шара өткізілді.

20160909120441

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалған үш айдың ішінде республикалық деңгейде 100 шара өткізу жоспарда бар, ал жергілікті жерлерде тағы 5 мыңнан астам шара өткізіледі. 15 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған үлкен концерт өтеді. Қазір дайындық жұмыстары жасалуда. Республикалық бюджеттен тойлауға 407 млн. теңге бөлінген», – деп атап өтті А.Райымқұлова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, мерейтойдың негізгі бөлігі 1-15 желтоқсан аралығында өтпек. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған бірнеше концерттер ұйымдастырылады. 1 желтоқсан күні Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кинопремьера таныстырылады.  Көрермендер аталмыш телехикаяның толықметражды кинонұсқасын үлкен экраннан көре алады. Ал 10 сериядан тұратын телехикая бірқатар республикалық телеарнада трансляцияланады деп болжануда.

Жіберіп алмаңыз: 

Қапшағайдағы жанжал: Шенеунік есірткі шегіп алған күйде ұсталды

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Жас миллионер Арман Тосқанбаев: Қанша байысам да шетелге қашпас едім

Талқылау