Ел президентін әжуалаған египеттік видеоблогерлер тұтқынға алынды

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 13:49

Египет полициясы мемлекет басшысы Абдул-Фаттах Халил Ас-Сисді әзілге қосқаны үшін, “Көше балалары” комедиялық тобының мүшелерін тұтқынға алды.

d95eeafd9c880f

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

8 мамыр күні үйді тінтіген тәртіп сақшылары “Көше балалары” тобының алты қатысушысын тапқан. Сол күні олардың ең кішісі тұтқындалады. Соттың босату туралы шешіміне қарамастан, оны әлі мемлекеттік прокурордың шешімімен қамауда ұстап отыр.

Дүйсенбі күні полиция 19-21 жас аралығында тағы төрт әзілкешті ұстады. Олардың барлығы “үкіметке қарсылық туғызды” және “мемлекеттік институтты келек етті” деп айыпталып отыр.

2011 жылы “көше балалары” Фейсбукта кең танымалдылыққа ие болып, видеоселфи түрінде жасаған роликтері қоғамның қызу талқысына ұшыраған еді. Қазіргі таңда әзілкештердің әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталған. Ұсталғандардың адвокаты полицияның бұл әрекеті орынсыз деп есептейтінін айтып, жас өнерпаздарды босатуды талап еткен. Әзірге оның әрекеті еш нәтиже берген жоқ.

Комедиялық топ соңғы роликтерінде ел басшысын талқылап, оның сөйлеу стилі мен қылығына пародия жасаған болатын. Әзілкештердің тұтқынға алынуы әлеуметтік желі қолданушыларының да ызасын туғызды. Олар президент жақында “барлығын тұтқындап тек өзі ғана қалады” деп айтып, әрі оның нақты проблемалармен күресуіне қатысты сын айтқан еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар