Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел ақшасын арқалап, шетел асқан “қайраткерлер”

Біраз жыл мемлекеттің абыройлы қызметін атқарып, халық үшін маңызды шешімдер шығаруға атсалысқан шенеуніктер арасынан шикілік танытып, шетелге тайып тұрғандары аз емес.

Hrapunov002_1

Бұл туралы korrespondent.kz хабарлайды.

1. Әкежан Қажыгелдин, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі.

AKEZHAN-KAZHEGEL`DIN-660x330 (1)

Фото: planetanyne.ru

1999 жылы оған халықаралық іздеу жарияланған. 19 жылдан бері шетелде қашып жүр. Оған билігі мен қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, бопсалаушылықпен айналысып, бір емес, бірнеше рет миллиондаған доллар пара алды деген кінә тағылды. Мемлекетке жүздеген миллиард доллар шығын келді. Ол сондай-ақ заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алып, сақтағаны, мемлекетке салық төлеуден жалтарғаны үшін де қатаң айыпталды. 2001 жылы Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров АҚШ-та тұратын Қажыгелдинді Қылмыстық кодекстің 251, 308, 311-баптары бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы жаза кесті. Сырттай. Өткен жылы Қазақстан билігі қашқын экс-премьерді отанына қайтару үшін сылтау іздеп жатыр деген хабар тарағаны есте. Саясаттан кеткелі бері Қажыгелдин АҚШ-ты мекендеп келеді және еліне оралғысы келетінін жасырмайды.

2. Мұхтар Әблязов, қазақстандық және ресейлік ірі кәсіпкер, экс-министр.

4365e0afe89c636151405b5719de8d51-big

Фото: forbes.kz

2009 жылдың басында “БТА банк” мемлекеттің құзырына өтіп, “Самұрық-Қазына” бақылауына берілген соң ҚР бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол ірі көлемде алаяқтық жасап, банктің қаржысын жалған компаниялар арқылы тонады деп айыпталды. Сарапшылардың айтуынша, Әблязов пен оның сыбайластары оффшорлар мен қамтамасыз етілмеген кредиттер арқылы “БТА банкінен” 10 млрд доллар қаржыны жымқырып әкеткен.

Іс қозғалғаннан кейін Әблязов Қазақстаннан Ұлыбританияға қашып кетті. Сот шешімі бойынша оған Ұлыбритания аумағынан шығуға тыйым салынған еді. Бірақ ол білдірмей автобусқа отырып, Францияға кетіп қалады. 2013 жылы шілдеде ол Францияда қамауға алынып, келесі жылы француз соты оны экстрадицияға беру туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот та оны Ресейге қайтаруды қолдады. Қазіргі уақытта Әблязовты Қазақстанға әкелуі де мүмкін деген ақпарат тарап отыр.

3. Виктор Храпунов, Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Алматының экс-әкімі.

Hrapunov002_1

Фото: yk-news.kz

Қазақстанда Виктор Храпунов пен оның жұбайы Лейла Храпуноваға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған. Оларға қызметтік лауазымын асыра пайдаланды, бюджет қаржысын алаяқтықпен, өздеріне иемдену және ысырап ету арқылы талан-таражға салды, қылмыстық табысты заңдастырды, пара алып, қылмыстық топ құрып, оны басқарды деген айыптар тағылды. 2008 жылдың сәуірінде Храпунов Швейцарияға қашып кетті. Әлі де отбасымен сонда тұрады. 2012 жылдың қазанында Храпуновтың әйелі Лейлаға ірі алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланды.

2014 Храпуновтар әулетіне қарсы Алматы қаласы сотқа арызданды. Қала әкімшілігі экс-шенеунікті қаладағы тұрғын үйлерді сату арқылы 300 млн доллардан астам қаржыны талан-таражға салды деп айыптап отыр. Иемденген ақшасына Виктор мырза қымбат көліктер, виллалар, кәсіпорындар мен Калифорния, Нью-Йорк, Еуропа мен Таяу Шығыстан басқа да бағалы активтер сатып алғанға ұқсайды. Арызданушы тарап күдіктінің мүліктерін тұтқынға алып, заңсыз тапқан ақшасын пайдалануына тыйым салуды талап етіп отыр. Олар ақшаны қазынаға қайтарғысы келеді.

4. Талапкер Иманбаев, медсақтандыру қорының экс-басшысы.

8a92dd63ea044a430edc724879196348-big

Фото: forbes.kz

Талапкер Иманбаев Қазақстанның тарихында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тас-талқан еткен адам ретінде қалып қойды. Ол 1998 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Содан бері Талапкер Иманбаев АҚШ-та тұрып жатыр. Ол Америкаға ғалымдарға арналған виза бойынша қоныс аударған. 2001 жылы оны сырттай 9 жылға соттап жіберді.

Иманбаев тек 16 жыл өткенде ғана қазақстандық басылымдарға сұхбат берді. Ол өз сұхбатында Қазақстан органдары оның қай жерде тұратынын жақсы білетінін, 14 жыл бойы бір ғана мекенжайда тұрып, аты-жөнін өзгертпегенін және қордың ақшасына қол тигізбегенін айтты. Оның айтуынша, бәріне айыпты – Рахат Әлиев. “Қажыгелдин мен Тасмағамбетовке қарсы өтірік айтқызғысы келді. Қауіптің жақындағанын сезіп, елден кетуге мәжбүр болдым” дейді ол. Әлиев отбасын қудалап, аяғы ауыр әйелін тергеген соң отбасын да АҚШ-қа алдырыпты.

Дегенмен де, Иманбаев мемлекетке 906 млн 557 мың теңге залал келтірді, қылмыстық топ құрды деп айыпталған.

5. Бергей және Аманжан Рысқалиевтар, экс-әкім мен экс-депутат

online

Фото: azh.kz

Атыраудың бұрынғы әкімі мен оның ағасына ірі қылмыстық топ құрды деген кінә тағылған. Рысқалиевтерге қатысты қозғалған қылмыстық іс бас-аяғы 800 томды құрайды. Бұл іс бойынша сотқа 22 адам тартылып отыр. Олар да қылмыстық топта болып, қызметін асыра пайдаланғандары үшін айыпталуда. Сотталушылар қатарында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, сондай-ақ Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімов бар.

Ертеректе қаржы полициясы Рысқалиевтерді Интерпол арқылы іздестіріп жатырмыз деген ақпарат таратқан. Алайда, Интерполдың ресми сайтындағы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер тізімінде олардың есімі жоқ.

2012 жылдың қазан айында жергілікті БАҚ олардың Лондонда жүргенін айтқан еді. Қаржы полициясы бұл мәліметті жоққа шығармады, растамады да. Құқық қорғау органдары Ұлыбританияға Рысқалиевтер жайлы сұрау салды ма, жоқ па – ол да белгісіз.

6. Әли Исмаилов, “Гүлнар-тур” компаниясының директоры.

photo_130396

Фото:yk-news.kz

Бұл мырзаға халықаралық іздеу жарияланған. Туроператордың кесірінен ондаған мың турист зардап шекті. Сақтандырушылар өз шығынын 609 млн теңгеге бағалап отыр. Исмаиловтың балалары Лондонда оқиды, алайда өзінің қайда екені белгісіз. Турфирма директоры аз ғана уақыт ішінде барлық қарызымды шетінен қайтарып берем деп клиенттерге уәде берген болатын, алайда өз сөзінде тұрмады. Бүгінде құқық қорғаушылардан жасырынып жүр. Әли Исмаилов тіпті өз қызметкерлерінің де жалақысын бермеген екен.

7. Александр Сутягинский, бизнесмен.

Sutyaginskiy-al

Фото: kvnews.ru

Сутягинский – биоотын, металлургиялық кремний, ауыл шаруашылығы және құрылыспен айналысатын ірі кәсіпкер болатын. Оның иелігінде “Титан”, “Баско” және B-Construсtion атты компаниялар болды.

Бизнесмен 2009 жылдың 9 қазанында Алматының ауданаралық экономикалық сотында тұтқынға алынды. Оған 125 мың доллар үшін киллер жалдап, “Баско” компаниясының бас директоры, серіктесі Михаил Гаркушкинды өлтірмек болды деген кінә тағылды. Тіпті интернетте Сутягинскийге ұқсайтын біреудің киллермен келісіп жатқан видеосы пайда болды. Сот кәсіпкерді 12 жылға бас бостандығынан айырғанымен, апелляциялық сот төрайымы К.Өтемісова оны шартты жазаға кесті. Сот залынан шыға салысымен Сутягинский із-түссіз жоғалды. Ал судья Өтемісова өз шешімі үшін 4,5 жылға сотталды.

Талқылау