Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕҚЫҰ өкілі Орта Азиядағы БАҚ-та сөз бостандығы жоқ екенін мәлімдеді

Орта Азияда БАҚ қысым мен үрей аясында жұмыс жасайды. Астанада франциялық саясаткер, ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир осындай мәлімдеме жасады.

Арлем Дезир

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оның пікірінше, билік ұсынуы тиіс көпшілікке арналған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарының қолы жете бермейді. Сонымен қатар тілшілер құпия әрі сезімдік сауалдарды жариялауға қорқады. Керісінше жағдайда, өзін тұтқындау, жауап алу, айыппұл түріндегі қиындықтар күтетінін біледі.

«Ал қабылданған заңдар жемқорлық және қоғамдағы басқа да өткір мәселелер туралы сөз қозғайтын тілшілерді айыптау үшін қолданылады», – дейді Арлем Дезир.

Алайда ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев шетелдік қонақтардың пікірімен келіспеді. Оның пікірінше, ЕҚЫҰ сарапшыларымен осындай кездесу өткізу мемлекеттік ашықтығын дәлелдей түседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау