Екінші жекпе-жекте Головкиннің «Канелоны» жеңгенінің дәлелі пайда болды (видео)

Artorias Boxing өзінің YouTube-арнасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші жекпе-жегінің видеосын жариялады.

Екінші жекпе-жекте Головкиннің «Канелоны» жеңгенінің дәлелі пайда болды (видео)

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Видео авторлары Головкин мен «Канелоның» жекпе-жек барысында бір-біріне жасаған нақты соққысын есептеген.

Видео соңында жекпе-жектің жалпы көрсеткіші көрсетіледі. Оған сәйкес, қазақстандық боксшы қарсыласына көбірек соққы жұмсаған. Яғни Головкиннің соққысының саны 208 болса, Альварестікі – 123.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр