Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші дүниежүзілік соғыс пен дағдарысты салыстырған жарнама семейліктердің ашуын туғызды

Семей көшелерінің бірінде “Біздің аталарымыз фашизмді жеңді, ал біз дағдарысты жеңеміз!” деген жазуы бар билборд ілінген. Алайда бұл сөздер семейліктердің қызу талқысына ұшырады.

сысы

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Семейліктер өз пікірлерін әлеуметтік желілерге жариялап жатыр. Көпшілігі екінші дүниежүзілік соғыс пен дағдарысты салыстырудың қажеті қанша деп ашуланған.

“Бұл ұят билбордты алып тастаса болар еді. Неге ардагерлерімізге керемет құттықтаулар арнап, тағзым етпейміз. Бұл баннерді мен құрметсіздік деп санаймын”, – дейді Семей тұрғыны Алена Лейман.

“Бұлайша дағдарыспен салыстырып қою тіпті сұмдық. Сол уақыттарда маңдай терін төккен адамдар осыны көрсе, ренжиді. Бұл нағыз сорақылық”, – деп жазады Наталья Новоселова есімді желі қолданушысы.

Ал бірқатар әлеуметтік желі пайдаланушылары, жарнама берушілер өз ойларын дұрыс жеткізе алмаған, түпкі мақсаттары дұрыс деген пікір білдірген.

Талқылау