Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы соғыс ардагерінің жесірі Нұрсұлтан Назарбаевтан хат алды

Ұлы Отан соғысының ардагерінің жесірі Нұрсипат Есеналинова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан хат алды.  Оны әжейге Екібастұз әкімі Александр Вербняк табыс етті.

20151221184059

«Құрметті Нұрсипат апай! Сіз жанұяңызбен бірге елімізге көп қызмет еткен жандар екенсіздер. Менің ағам да  Ұлы Отан соғысына қатысқан. Маған арнаған тілектеріңізге көп-көп рахмет. Менің барлық өмірім, еңбегім халқымыздың бүгінгі-ертеңгі өмірін жақсартуға арналған. Әрдайым мені қолдап отырған халқыма, оның ішінде Сізге ризамын. Денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында. Хат қазақ тілінде жазылған.

20151221184055

Жазира Сыздықованың сөзіне қарағанда, Нұрсипат Есеналинова  88 жаста. Ол Ұлы Отан соғысы мүгедегінің әйелі.   Павлодар облысы, Ақсу ауданы Еңбекші ауылында туған. 7 сыныпты тәмамдады, мал есебін жүргізуші, кейін Еңбекші кеңшарында бухгалтер болып жұмыс істеді. Қазір 12 немере мен екі шөбересі бар.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Нұрсипат апай Елбасына арнап өлең жазған болатын.

20151221184104

20151221184108

Талқылау