Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы автобус жүргізушісі ұялы телефонмен сөйлескені үшін пойызды байқамай қақтығысқанын айтты

Екібастұзда пойызбен соқтығысқан автобус жүргізушісі апатқа өзінің кінәлі екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жүргізуші Үшқұлын бекетіндегі өткелде ұялы телефонмен сөйлескен. Сол себепті пойызды байқамаған. Пойыз машинисі шұғыл түрде тежегішті басқанымен тоқтай алмады.

Апат салдарына автобус бір жағына құлап кетті. Көлік ішіндегі 11 жолаушының бәрі аман. Үш жолаушы жеңіл жарақат алды. Қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау