Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кетті (видео)

Екібастұзда қысқа тұйықталу салдарынан жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кетті.

Екібастұзда жедел жәрдем көлігі түгі қалмай өртеніп кетті (видео)

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Апаттық-құтқару бөлімінің хабарлауынша, 7 желтоқсан күні сағат 17.04-те қалалық кезекшілік бөліміне Екібастұз қалалық орталық аурухана аумағында “ГАЗель Next” маркасы жедел жәрдем көлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт туралы хабар алғаннан кейін бес өрт сөндірушіден тұратын өрт сөндірушілер экипажы бірден оқиға орнына аттанды. Хабарлама түскеннен кейін 14 минут өткен соң өрт тоқтатылып, тоғыз минуттан кейін толығымен сөндірілді.

Алдын-ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі қозғалтқыштың сымындағы қысқа тұйықталудан болған. Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, өртке оранған жедел жәрдем көлігі толығымен жанып кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау