Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда жалған 10 мың теңгемен бір апта сауда жасаған жігіт ұсталды

Екібастұзда жалған 10 мыңдық теңгемен бір апта бойы сауда-саттық жасаған жігіт ұсталды.

мв

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей 30 жастағы жігіт қала дүкендерінде сауда жасап, жалған 10 мың теңгеліктермен есеп айырысқан. Осылайша, ол азық-түлік пен киім сатып алған. Ал, сатушылар ақшаның екі жағынан да «Төлеуге жарамсыз» деген жазуды байқамастан оған өздерінің ақшасымен қайтарым жасаған.

Белгілі болғандай, өзінің алаяқтық істерін жігіт бір апта бойы жасады. Бүгінгі күні полиция бөлімшесіне жеті адамнан алданып қалғаны туралы өтініш түсті. Жігіттің қолынан аяқ киім, сыртқы киім сынды 80 мың теңгеге жуық заттай айғақтар мен жалған 10 мыңдық ақша белгісі алынған.

Қазіргі уақытта «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Екібастұздық жұмыссыз жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ІІД-нің баспасөз қызметі, аталмыш оқиғаға тап болғандар болса, 102 номеріне хабарласуларыңызды сұрайды.

Талқылау