Екібастұзда “Президент Назарбаев” деп аталатын қызғалдақ түрі өсірілмек

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 8:05

ҚР Президентінің Павлодар тұрғындарымен кездесуінде Екібастұздағы жылыжай гүл кешенінің қызметкері Людмила Зеевальд Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған голландиялық қызғалдақтарды өсіру жоспарларымен бөлісті.

20160929225623

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Голландияда Сіздің құрметіңізге аталған қызғалдақтың жаңа түрі шығарылды. Қызғалдақтың аталмыш түрін біздің кәсіпорында да өсіру жоспарлануда. Біз ол гүлдер Павлодарда ғана емес, бүтін Қазақстанда сұранысқа ие болатынына сенімдіміз. Және Екібастұз кеншілер мен энергетиктер қаласы ретінде ғана емес, елдің гүл орталығы ретінде де танымал болады”, – деді Л.Зеевальд.

Өзінің есімімен аталған гүл туралы жаңалықты ҚР Президенті қалжыңмен қабылдады: “Мен жайқалған гүлге ұқсамаймын. Голландияға барған сапарымда маған ол гүлді көрсетті”, – деп күлді Елбасы.

“Екібастұз гүл өсіруде Нидерландыны шаң қаптырып кетеді. Көрмеде екібастұздық раушан гүлдерді көрдім – олар тамаша”, – деп атап өтті Президент.

Людмила Зеевальд сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа өнер саласына көрсетіп отырған қамқорлығына алғысын білдірді. Қазақстанда ең ауыр кезеңдердің өзінде барлық театрлар жұмыстарын тоқтатқан жоқ.

“Біз Астанада соңғы жүз жылдағы ең әсем опера және балет театрын салдық. Хореографиялық академия Астана мен Алматыдағы опера және балет театрлары үшін кадрларды дайындайтын болады. Және адамдардың бұл тамаша өнерге балаларын жақындатуға тырысуы – өте қуантарлық. Танымал әртіс болып кету міндетті емес, оған баланы араластыру керек, олар болса бұл әдемілікті жан дүниелерінде алып жүреді”, – деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Тiлеухан: Ағайынды жігіттерді өлтірген қылмыскерлерге барынша қатаң жаза кесу керек

Әлеуметтік желідегі видеодан кейін Қапшағайдың әкімі жұмыстан кетті

Астанада “қытайларға жер сату” дауы бойынша Бердібек Сапарбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар