Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда полицейлер мен құтқарушылар өзін-өзі өлтірмек болған қызды аман алып қалды

Екібастұз қаласында тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жас қызды өзін-өзі өлтіргелі жатқан жерінен аман алып қалды. Оқыс оқиғаның алдын алуға қыздың көршісінің телефон соғуы себеп болған.

пара

Полицейлер мен құтқарушылар тобы Екібастұзда, төртінші қабаттан секіріп кетпек болған қызды құтқарып қала алды. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Әйгерім Құсайынова хабарлады.

17 қаңтар күні ТЖД құтқару отрядына тұрғын әйел хабарласып, көрші пәтердегі қыздың балконда тұрғанын, оның секіріп кету қаупі бар екен екенін айтып телефон шалады. Оқиға орынына полиция, құтқарушылар және дәрігерлер жедел жетеді. Олар қызбен неліктен секірмекші болғанын сұрап сөйлесіп көрмекші болды. Бірақ, әбден жүйкесі шаршаған қыз тек аты мен фамилиясын ғана айта алған. Басқа сұрақтарға мәселеге қатысы жоқ жауаптар берген.

“Полиция қызметкері сөйлесіп тұрған мезетте, басқа қызметкер көрші балконнан қарғып түсіп, оның пәтеріне кірді. Іштен есікті ашып, пәтерге құтқарушылар мен дәрігерлерді кіргізді. Қазір қыздың неліктен өзін-өзі өлімге итермелеу себептері талқыланып жатыр”, – делінген хабарламада.

Талқылау