Екібастұзда құрбысымен бірге терезеден құлаған екінші қыз да көз жұмды
Екібастұзда бесінші қабаттан құлаған екінші қыз да мерт болды. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан еді, деп хабарлайды КТК.
Жеткіншек қыз Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде мерт болды.
Айта кетейік, 13 қыркүйек күні екі оқушы қыз үйдің терезесінен құлаған еді. Оның бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Екіншісі ауыр халде жеткізілді. Екі құрбы қайғылы оқиға болар күні үшінші қыздың үйінде қонақта болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеванң айтуынша, дәрігерлер бес күн бойы қыз баланың өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау