Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда екі оқушы 5-қабаттан құлап, бірі көз жұмды

Екібастұзда екі оқушы қыз 5-қабаттан құлады. Оның бірі көз жұмды.

Оқыс оқиға түнгі уақытта болды. Екі қыз №23, №9 мектебінің оқушысы, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

“Екі қыздың бірі жедел жәрдем көлігінде мерт болды. Екінші қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр”, – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Элмира Темірғалиева.

“Оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Мектеп барлық баланы үнемі бақылауда ұстай алмайды. Балаларға, ең алдымен жақындары жауапты. Жақын арада мектептерде ата-аналармен жиналыс өтеді, ал жоғары сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істейді”, — деп хабарлады Екібастұз әкімінің баспасөз қызметі.

Екі құрбы қайғылы оқиға болар күні үшінші қыздың үйінде қонақта болған.

“Қыздар құрбы болатын. Екеуі де толыққанды емес отбасыдан шыққан. Қаза тапқан қыз “қиын бала” ретінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімде бір жыл есепте тұрғаны белгілі. Осы уақыт бойы ол бақылауда болған, ешқандай заң бұзушылық байқалмаған соң, тамызда есептен алынды. Кеше сабағына да келген еді”, — деді Екібастұз білім бөлімінің басшысы Жанат Ибраев.

Үш қыз оқыған мектептердің басшыларымен әңгіме жүргізілмек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау