Екібастұзда балабақша басшысы  41 адамды жұмыстан қуды

Бір ғана балабақшадан жарты жылдың ішінде қырықтан астам қызметкер қуылған. Ойдан құрастырылған жалаларға директор себепкер болыпты. Мектепке дейінгі мекеменің бұрынғы қызметкерлерінің айтуларынша, балабақша басшысы барлық жұмысшыларға бір жарым мөлшерлеме жазып, оның белгілі бір бөлігін өзіне алып отырған. Ал оның бұл пиғылымен келіспегендер шеттерінен жұмыстан шығарылыпты.

Екібастұзда балабақша басшысы  41 адамды жұмыстан қуды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Аспазшы Қарлығаш Жолдасова атышулы балабақшада 9 жыл бойы үздіксіз еңбек еткен. Бірақ, өткен айда жұмыстан шығуға мәжбүр болыпты. Айтуынша, биыл қаңтар айында балабақшаға жаңадан меңгеруші болып келген басшысы онсыз да аз жалақысы есебінен пайда тапқан.

«Менің өз басымда, 22 мамыр күні 48 мың теңге жазып, 13300 теңгені Дана Нұрбековнаға апарып берсін деді. Ол кісі айтты 0,5 мөлшерлемемен тәрбиешіге берем деп, сосын уақыт өтті. Бір жұма өткеннен кейін, мен ол тәрбиешіні көргенде, ол: «Маған ешқандай ақша берілген жоқ», – деп айтты», – дейді Қарлығаш Жолдасова.

Аяқасты жұмыссыз қалған ол, кезінде балабақшада 60 шақты қызметкердің болғандығын айтады. Бірақ, жырты жылда оның жартысынан астамы мәжбүрлі түрде жұмыстан кеткен. Салдарынан, мекемеде маман жетіспейді. Ал олардың жалақысы жүріп жатыр, деседі. Аспазшының бұл сөзін балабақшаға баласын апарып жүрген ата-аналар да растап отыр.

«Мына кісі бар ғой 6 айдың ішінде быт-шыт қылды мына балабақшаны. Себебі мен білемін, бұл балабақшаға менің балаларым 7-8 жылдан бері барып жүр. Білем мен бұл балабақшаеы. Қандай жақсы болған», – дейді ата-ана Айнұр Апбасова.

Ал бірнеше айға созылған бассыздықтарға күні кеше ғана шара қолданылған екен. Балабақша директорына қатаң сөгіс жарияланған. Алайда ол өзіне жабылған жаламен еш келіспейді.

«Ақшамды қайтар деп маған ешбір адам хабарласпады. Қаржы қалай бөлінсе, солай беріліп келді. Қалалық білім бөлімі болса, маған ескертпестен барлық менің қызметкерлерімді жинап жабық жиын өткізген. Ал оған мені де, есепшіні де кіргізбеді» – дейді балабақша меңгерушісі Лейла Оразбаева.
Қалалық білім бөліміндегілер болса, балабақшаға қатысты бірнеше шағым түссе де бәріне көз жұма қарап келген. Десе де, сегіз айдың ішінде мұнда 41 адамның жұмыстан кеткендігін де растап отыр.

«Біз өзіміздің тарапымыздан комиссия құрып, тексеру жұмыстарын жүргіздік. Тексеруге байланысты 8 айда 41 адамның жұмыстан шығарылғандығы белгілі болды. Алты-ақ ай болды істегендеріне ұжыммен келіспеушіліктер пайда болды», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Ибраев.

Екібастұздағы бұл жағдай Астанадағы Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне де келіп түскен. Бүгінде  аталған түрлі шағымдарға байланысты жоғарыдан арнайы тексерістер де басталған. Себебі, атышулы балабақшаның пайдалануға берілгеніне 9 жыл өтсе де, күні бүгінге дейін онда бір де бір рет қаржылық тексерістер жүргізілмеген екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар