Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды

Екібастұзда автобус кондукторы жолаушының қолын сындырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметі.

Екібастұз

28 жастағы әйелдің үстінен ҚР ҚК 107 бабының 1-ші тармағы (өзгенің денсаулығына қасақана орташа деңгейде зиян келтіру) бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті.

«Күдіктіні ұстау мен осы мәселені қарауға 25 жастағы қала тұрғынының жазған шағымы себеп болды. Ол қоғамдық көлікте кондуктор әйелден зәбір көргенін айтты. Жәбірленуші оқиға болғаннан кейін бірден ауруханаға барып тексеруден өткен. Оған дәрігерлер «қолы сынған» деген диагноз қойған»,-делінген хабарламада.
Қазір болған жайт бойынша сот медициналық сараптамасы тағайындалып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда автобус кондукторы жолаушының аяғына пышақ сұғып алған еді

Талқылау