Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда автобус аялдамасының қасында жарылыс болды

Екібастұз қаласында кафеде жарылыс болып, екі бірдей адамның денесін күйік шалған.

2cfbb506edd87399b48f9c8d01f07e86_crop_l_1_t_7_w_584_h_329

“Пятница” кафесінде болған жарылыс салдарынан жұмысшылардың беті және қолдары күйіп қалған. Облыстық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кафе автобус аялдамасының қасында орналасқан.

“Жарылыс кеше 16:44 шамасында Мәшһүр Жүсіп көшесінде болған. 37 жастағы Екібастұз тұрғыны беті мен екі қолын күйдіріп алса, оның 23 жастағы әріптесі де зардап шеккен. Екеуіне де орталық ауруханада медициналық көмек көрсетілді. Бірақ, жатып ем қабылдаудан екеуі де бас тартты. Жарылыстың себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр”, – деді ТЖБ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Атырауда 73 жастағы балықшы әжей мұз ойығына түсіп кеткен

ОҚО-да жаңа туған сәбиді қытай сөмкесіне салып мектеп жанына тастап кеткен

Бір жасар қыз фри картобынан уланып көз жұмды

Қарағандыда 9-сынып оқушысы 10 айлық інісін мұзға құлатып өлтіріп алды

Талқылау