Екібастұзда аурухана медбикесі басшыларының науқастарға мерзімі өткен дәрілерді беріп келгенін жайып салды

Жедел жәрдем станциясының бас медбикесі, өз басшылығы мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді пациенттерге қолданғанын жайып салды. Екібастұз қаласындағы ауруханада істейтін әйел жұмысындағы былықты айтамын деп, басы бәлеге қалған.

Екіастұзда аурухана медбикесі басшыларының науқастарға мерзімі өткен дәрілерді беріп келгенін жайып салды

Шындық деп шырылдаған келіншекті басшылық қыспаққа алған көрінеді. Ақ халаттылар төңірегіндегі текетірес туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Екібастұздағы “жедел жәрдем” станциясының бас медбикесі Әсия Құсайынованның сөзінше, әріптестері науқастарға мерзімі өтіп кеткен медикаменттерді қолданып келген.

«Мен үлкен бастық, бас дәрігерге звондап Павлодар облысына, “дәрілердің мерзімі өтті, не істейміз, оны беруге болмайды ғой”, дедім. Халық жәрдемге звондаған кезде не үшін жәрдем сұрайды, мерзімі өткен дәрілерді фельдшер мен врачтар салып жатыр. Осылай айтқанымда, Қанадан Қанатович: “сіз уайымдамаңыз, сізге қатысы жоқ” деді» – дейді қалалық «Жедел жәрдем» станциясының бас медбикесі Әсия Құсайынова.

Дәл осы әңгімеден кейін Әсия Құсайынованың басынан тыныштық кеткен. Келіншеккке станциясының заңгері келіп, бас медбике қызметінен шеттетілгенін хабарлаған. Ал оның міндетін бас фельдшерге жүктепті. Төрт баланың анасы, өзіне басшылығы қысым жасап, жұмысқа жарамсыз қызметкер ретінде орнынан қумақ ниетте екенін айтты. “Жедел жәрдем” басшылығындағылар бұл айыпты жалған деп тапқанымен, тексеріс кезінде өзге препараттың мерзімі өткені анықталғанын жасырмады.

«Күн таңертең әр ауысым қызметкерлері препараттарды жіті тексеріп, дәрі-дәрмектің мерзімін біліп отырады. Мерзімі біткен ампулалар журналда да, тізімде де жоқ болып шықты. Бірақ, мұндай жағдайлар тіркелгенін жасыра алмаймын» – дейді қалалық «Жедел жәрдем» станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Алина Адамбосынова.

Әсия Құсайынова станция басшылығы емдеу мекемесіндегі медикамент бизнесін жақсы жолға қойған. Ал бас медбике қызметінен қуылған келіншектің әрекетін жоғарыдағылар кек ретінде қарастырып отырған көрінеді. Бірақ, “жедел жәрдемде” жұмыс істеп жатқан өзге жандар да біраз былықтың барын растады.

«Мен педиатрды тасимын. Кейде оған ересек науқастарға көмек беру тапсырылады. Тіпті, бірде сәби қатты ауырып, соған барғанбыз. Педиатрға басшылықтағылар телефон соғып, жасы үлкен адамға шұғыл бару керектігі тапсырылды. Балалар дәрігеріне мұндай тапсырма жүктеу қаншалықты дұрыс?» – дейді қалалық «Жедел жәрдем» станциясы жүргізушісі Арғын Омарова.

150 мың адам тұратын Екібастұзда бар-жоғы жеті “жедел жәрдем” көлігі бар. Жүргізушілердің сөзінше, бұл – жеткіліксіз. Вячеслав Исаков станциядағы қызметіне жарты ғұмырын жұмсаған. Ер адам дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген пациенттердің көз жұмғанын талай рет көрген. Ал қазір науқстарға диспетчерлер әдейі қол ұшын созбайтын көрінеді.

Қызметіне атүсті қараған ақ халаттылар бір-бірін айыптап жатқанда, шыбын жанын шүберекке түйіп, өмірі қыл үстінде тұрған жандардың бірі ажал құшуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар