Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жыныс мүшесі бар жігіт өмірі жайлы ашық баяндап берді

Бірнеше жыл бұрын танымал форумға DoubleDickDude (екі жыныс мүшесі бар жігіт) жұмбақ есіммен азамат қатысты. Ол: «Менің екі жыныс мүшем бар. Суретін көрсете алам. Сұрақтарыңыз болса, қоюларыңызға болады» деді. Кейін ол осы жайлы кітап жазып шықты. Оның бұл кітабы бірден танылып кетті.

65ae12ebfda4b8a8fa09204cd974e68d_cropped_740x460

Оның екінші есімі DoubleDickDude (DDD) – диффалиямен ауыратын жігіт дегенді білдіреді. Диффалия – тумысынан болатын өзгерістер. Оған екі жыныспен туылу жатады. Әдетте екінші жынысты туа салысымен ота арқылы алып тастайды. Алайда, оның ата-анасы мұндай тәукекелге бара қоймаған.

Ал, жігіттің өзі бұған еш өкінбейді. Дифаллия кейде эрекция секілді ауру тағызады. Ал, жігіттің өзі екі жыныс мүшесінің де жақсы жұмыс істейтінін айтады.

Ол бала күнінде кіші дәретке дұрыс отыра алу үшін ота жасатқан. Өзі простатиттен өзге еш аурумен ауырмайтынын, егіздің сыңары еместігін, мұндайдың тұқым қуаламайтынын айтады.

Ол екі мүшесіне байланысты мектепте жоғарғы сынып оқушыларынан жәбір көрген. Ал, қазір ешнәрсенің кедергі еместігін жеткізді.

DDD өзінің бисексуал екенін мойындайды. Ол бір уақытта қызбен де, ермен де жыныстық қатынасқа түсе береді.

Оны жалаңаш көрген адам жағдайды әр түрлі қабылдап жатады. Қыздардың көбі мазасызданып, одан тезірек құтылғысы келеді. Екі мүшесінің бірі жасанды деп ойлап, оны тартып алып тастамақ болған қыздар да кездескен.

Ал, ер адамдар қандай жағдай болмасын қатынастан бас тартпайды екен.

Оның өмірінде қос мүшесі үшін келеңсізіктер де болған. Бір қызды ұнатып, онымен кездесе бастайды. Арада 3 ай өткен соң, екеуі жақындаспақ болады. Жігіт қызға өзінің ақауы жайында айтады. Бойжеткен ол үшін бас тартпайтынын айтқанымен, көзімен көргенде одан кетіп қалған екен.

Екі мүшесі бар жігі оқырман сұрағына жауап бере отырып, екі мүшесінің оң жақтағысын жақсы көретінін айтқан. Өйткені, оң жақ мүшесі қатынас кезінде сол жақтағыға қарағанда белсенді жұмыс жасайды екен.

Оның порно-жұмысқа түскісі келмейді.  Себебі, экраннанөзін айуан секілді көргенін қаламайды және өз бойындағы жеке қасиеттерін сақтап қалғысы келеді.

ddd0601

DDD өмірде кездесетін қолайсыз жағдайларын да баяндап берді. Айтуынша, қоғамық дәретханалардан аулақ жүруге тырысады. Көпшіліктің көзіне түскісі келмейді. Және қыс мезгілінен өзге уақытта іш киім кимейді. Өйткені, оған сай келетін іш киімдер табыла бермейді. .

Ол «Екібасты: Екі жыныс мүшелі менің өмірім» атты кітабы шыққан соң өзі секілді қолдауға мұқтаж жандарға көмегі тигенін айтады. Өзіне сенімділігін жоғалтқан адамдарға демеу болған. DDD соншалық лайланған өмірде кейбіреуге үміт беріп, көңілі көтерілгенін көргенде бойын өзгеше сезім билейтінін атап өтті.

 

Талқылау