Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жыл квадроцикл құраған қазақстандық оны басқара алмай жол апатына түсті

Жастайынан квадроциклді құрастыруды аңсаған 32 жастағы Артем Полянский арманына жетіп оны құрастырып, толық жинап шыққан. Алайда қуынашы көпке созылмай, биылғы жылдың 12 шілдесінде квадроциклін басқара алмай, ағашқа соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Екі жыл квадроцикл құраған қазақстандық, оны басқара алмай, жол апатына түсті

Қайғы жұтып отырған отбасының жағдайын өз көзімен көрген желі қолданушысы қазақстандықтардан Артемнің отбасына көмек көрсетуді сұрайды. Ол туралы өзінің Фейсбук парақшасында жариялаған.

«Алматы облысы Қараой ауылының тұрғыны Артем апат салдарынан бас сүйек-ми зақымын алып, Іле аудандық орталық ауруханасына жеткізіледі. Дәрігерлер оның бас сүйекті трепанациялап, 27 шілдеде ауруханадан шығарған.

Қозғала алмайтын Артем екі ай бойы төсек тартып жатыр. Анасының айтуынша, дәрігерлер науқастың ісігі қайтпағандықтан оңалу үшін ауруханаға жібере алмай отыр.

Миындағы ісік қайтқан кезде, оған тілімше қоюға болады. Әзірге Артем ақырындап сөйлей бастаған, алайда толық қалпына келу үшін біршама уақыт қажет.

Ендігі Артемнің анасы қозғалыссыз қалған ұлына жалғыз қарап отыр. Дәрігерлердің болжамы бойынша, науқасқа тағы ота жасау үшін әлі екі ай күту керек. Оған дейін оларға кірер табыс елу теңгені құрайды. Осы ақшаға дәріні де, азық-түлікті де алуға тура келеді. Қазіргі таңда оларға көршілері көмек көрсетуде. Алда келе жатқан қыс кезінде қажетті заттардың саны да құны да көбейеді. Және қысқы кезде от жағуға көмек керек», – деп жазған желі қолданушысы Алим Заиров.

Қол ұшін созып, қандай да бір көмек көрсетемін дегендер төменде көрсетілген ақпаратпен таныс болыңыздар.
ЖСН: 570601403075
KASPI GOLD: 5169 4931 9642 9552
Полянская Елена Анатольевна
Адрестік көмек бойынша Алматы облысы, Қараой ауылы, Теректі көшесі, 76 үй.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау