Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жатыры бар 18 жастағы қыз жүкті болғанын босанған соң бір-ақ білді

 

Ұлыбритания тұрғыны басы қатты ауырып тұрғанын айтып жүрген еді. Бірнеше күннен соң ана атанды.

Екі жатыры бар 18 жастағы қыз жүкті болғанын босанған соң бір-ақ білді

Олдем қаласының тұрғыны Эбони Стивенсон 2018 жылдың 2 желтоқсанында ұйқыға жатады. 18 жастағы қыз осыдан соң қалай тұрып, ваннанға барғанын білмейді. Оның анасы жедел жәрдем шақырғанда, дәрігерлер оның жүкті екенін анықтайды.

Бойжеткен талып қалғанда құрсақтағы бала қозғала бастаған. Дәрігерлер кесарь тілігін жасап, баланы аман алып қалмақ болады. Қыз баланың анасы төртк күннен соң немересін көрді.

“Бұл өте жайсыз еді. Маған баланы әкеп бергенде, әлдекіммен шатастырып жатырсыңдар дедім”, – дейді Эбони.

Ол қызын Элоди деп атады. Дәрігерлер британдық қыздың жүктілігі жайлы білмегенін айтады. Оған себеп қыздың жатыры екеу болып өскені себеп. Оның бірінде шарана дамып арқасына қарай біткен. Ал, екінші жатыры қалыпты жұмыс істеп тұрған. Дәрігерлер мұндай жағдайда бала көтеріп, оны өмірге әкелудің қиын екенін айтты. Сондықтан бұл өте сирек кездесетін жайт.

 

Эбон қазір өзін бақытта ана санайды. Қызымды ешкімге бермес едім деген ойын айтты. Оның күтіміне әжесі қарайды. Ал, анасы колледждегі сабағын жалғастырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау