Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі түсті аяқ киім киген Аша Матай ерекше образымен көзге түсті (фото)

Атышулы тележүргізуші Аша Матай күні кеше ерекше образымен көзге түсті. Ол бағдарлама эфиріне екі түрлі аяқ киім киіп шықты, деп жазады Stan.kz ақпаратттық агенттігі.

аша матай

Аша эфирге формасы бірдей, алайда түсі әртүрлі (қызыл және қара) аяқ киіммен шыққан. Мұны бірден байқаған көрермендер Ашаның жаңа образын желіде қызу талқыға салды.

“Енді осындай екі түрлі аяқ киім сән бе?”, “Ой Алла не болып барады, Аша ханым, 91 тобынан асып түстіңіз ғой”, “Екі түрлі аяқ киім кисең, келінің ұры болады деген ырым бар Аша”, – деп сынады желі қолданушылары.

Алайда оқырмандар арасында мұндай образдың да ерекше көрінетінін айтқандар көп болды.

“Онда тұрған не бар екен? Той-думандарға да осылай киіп барса болады екен. Өте әдемі”, – дейді қолданушылардың бірі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау