Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі рет талып қала жаздадым: Айжан Байзақова қалай босанғанын айтып берді

Атышулы Айжан Байзақова босану кезінде басынан өткен қиындықтары жайлы баяндады. Айтуынша, толғақ басталған кезде ол сіңлісімен бірге кинотеатрда болған, деп жазады Stan.kz.

Айжан Байзақова

“Біртүрлі күн болды. Суық пен қарды жақсы көремін, ауа-райына қарап-ақ көңіл-күйім жақсы болды, оны ешкім бұза алмас еді.

Жібекке киноға барайық деп ұсыныс жасадым, қорқынышты фильмге… Сеанс кезінде аздап толғақ басталды. Фильм қызықсыз болды, сондықтан үйге барғанымыз дұрыс дедім. Көлікте отырып ішіммен сөйлесе бастадым: “Балам, еркексің бе, жоқсың ба? Егер нағыз азамат болсаң, 10 минуттан кейін нағыз толғақ басталуы тиіс”, – дедім. Әл-Фарабиге шықтық, түнгі сағат 2-де үлкен кептеліс деп түн ішінде сториз түсірдім. Арада 10 минут өтер-өтпестен суым кетті.

Кептеліспен әйтеуір ауруханаға жеттік, үсті-басым су, әлі толғақ қатты басталмады. Мені жатқызып, толғақ шақырамыз деді. Себебі бала қиналып кетті.

Мен болсам көңілді күйде би билеп мәз болып тұрдым, сол кезде ертегі басталды. Қасымда Жібектің болғаны қандай жақсы, босанатын болсаңыздар, оны бірге алып кіріңіздер. Себебі одан асқан серіктес жоқ. Қалжың айтамын, оны ешкімге бермеймін. Сөйтіп басталды, бірнеше рет есімнен танып қала жаздадым. Бірақ қайта ұзаққа созылған жоқ, таңғы сағат 8-де босандым.

Иә, барлық әйелдердің сөзін мен де қайталаймын, ұлымды кеудеме қойған кезде бәрін ұмытып кеттім. Жүрегім шығып кете жаздады… 2 сағат бойы құшақтасып, бір-бірімізге қарап жаттық. Мұны тіпті, балағат сөздерімен айтып жеткізе алмаймын”, – дейді Айжан.

Байзақова ұйқыны қатты жақсы көретінін, алайда ұлын көрген соң 2 тәулік көз ілмегенін атап өтті.
“Көзімді жұмуға қорықтым. Қыздар, біреу үшін емес, өздерің үшін туыңдар, бұл сезімді ештеңемен салыстыру мүмкін емес”, – дейді Байзақова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау