Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам көзін жоймақ болған екі мұрынды итті асырап алды (видео)

Калифорния штатының Фресно қаласында үй жануарларын бақылау ұйымының қызметкерлері екі мұрынды итті байқап қалады. Олар австралиялық овчарка иттің көзін жоймақ болған. Өйткені, олардың айтуынша, мұндай кемтар итті ешкім асырап алмайтын болған.

1c3ccf480b0001f6564a4da7764c5079__660x

Суреттер: Caters News Agency

Мұны телеарналардың бірінен Тодд Рэй көріп қалған. Рэй итті асырап алатынын айтып, оны өзімен алып кетеді. Екі мұрынды иттің денсаулығы дұрыс емес болуы мүмкін деп ойлаған ол итті бірден дәрігерге көрсеткен. Алайда, дәрігер иттің еш жері ауырмайтынын айтқан.

df8cca917bc176c1d75ea67cb5467bc5__660x

«Австралиялық овчаркалар – жер бетіндегі ең керемет иттер. Тобби көшеде кездескендердің барлығына ұнайды. Бірақ, адамдардың оны өзге иттерге ұқсамағанына бола өлтірмекші болғаны өкінішті», – деген Тодд Рэй бұл итті асырап алғанынан еш өкінбейтінін айтады. Оның айтуынша, жануарлардың кемшілігі оларды одан сайын әдемірек ете түседі екен.

0534e575c18c04df3622e178d629b274__660x

Талқылау