Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі метрлік жылан сауда орталығына келушілердің зәресін алды

Кеше кешке Бийсктегі «Ривьера» СО-да сатып алушылардың үрейін ұшырған оқиға орын алды. Олар вестибюльде екі метрлік жыланға тап болған.

zmei2

Қараусыз жүрген алып жылан дүңгіршектердің арасында ақырын жылжып жүрген.

Екі аптадан астам уақыт СО-да Омбыдан келген «Тірі тропиктер» атты экзотикалық жануарлардың көшпелі көрмесі жұмыс істеуде. Орталықта болған бауырымен жорғалаушы – осы хайуанаттар бағының асырандысы. Алайда көрменің ұйымдастырушылары сауда орталығында олардың жыланы болғанын жоққа шығарып отыр. Сауда орталығының қызметкерлері болса, жұрттың мұндай дүрлігуін көрме ұйымдастырушыларының әрекеттерімен байланыстыруда.

Талқылау