Екі күн бойы тауда адасқан баланы ит құтқарып қалды (фото)
Макс атты ит екі күн бойы тауда адасып қалған 14 жастағы Жан Эриберто Тревиноның қасында болып оны өз денесімен жылытып, тіпті ішер суға дейін тауып берген.
Сурет: CEN
Оларды құтарушылар тек 44 сағаттан соң тапқан.
Балалар лагерінде демалып жатқан Жан тауға экскурсияға шығып, басқалардын адасып қалған. Ол аяғын жарақаттап, дұрыс жүре алмай қалған.
Оның құлағанын көрген ит оның қасынан шықпаған. Ол екі күн бойы балаға жақын отырып, өз қызуы арқылы оның жылынуына ыңғайланған. Тіпті, ішер суды да тауып берген.
Жанның айтуынша, ол итпен бірге болғандықтан өзін қауіпсіз сезінген. Ол итті өзіне алмақ болған. Алайда, ол иттің өз иесі бар болып шықты.
Жіберіп алмаңыз:
Ит иелерін қорғау үшін 4 жыланды өлтіріп, өзі жылан уынан өліп кеткен
Талқылау