Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күн бойы қолтырауындардың арасында өмір сүрген балықшы аман-есен құтқарылды (видео)

Австралиялық балықшы Виктория өзенінде балық аулап жүрген. Бірақ сол сәтте қатты толқын болып, оның қайығын жағаға шығарып жіберген. Соның салдарынан ол екі күн бойы қолтырауындардың арасында өмір сүруге мәжбүр болды. Жалғыз өзі жыртқыштармен қалған балықшыны полиция қызметкерлері екі күннен кейін құтқарды.

Қолтырауындар

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Виктория өзенінде балық аулап жүрген ер адамның қайығы толқынның әсерімен жағаға шығып кеткен. Жарты күннен кейін тағы да толқын көтерілген. Бірақ су жеткіліксіз болғандықтан, балықшы қайырдан шыға алмаған.

Тұтастай алғанда, ер адам толқынның көтерілуін екі күн күткен. Виктория аймағындағы ұялы байланыс желісі нашар болғандықтан да жағдай қиындай түскен. Дегенмен, ол осы қиындықтан жол тауып полицияға қоңырау шалған. Ол оларға өз координаттарын жіберген. Сонымен қатар, балықшы 25 мың долларға жуық тұратын қайығын тастап кеткісі келмеген.

Нәтижесінде, балықшыны құтқаруға келген полиция тікұшағы қайықты өзенге тартып суға түсірген. Қолтырауындардың арасында екі күн бойы жалғыз қалған балықшы үйіне аман-есен жетті.

Оқи отырыңыз:

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Қара, қалың әрі біріккен қасты аққұба қыз желіде танымалдыққа ие болды (фото)

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Қара, қалың әрі біріккен қасты аққұба қыз желіде танымалдыққа ие болды (фото)

Талқылау