Екі қызды қорғау үшін өмірімен қоштасқан майордың отбасына көмек көрсетілді

Дүйсенбі, 23 Мамыр , 2016 19:22

Әскери адамдардың бойында қатты дамыған мінездің бірі – қорғау инстинкты. Жедел әрекет еткен кезде олар өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті назарға ілмейді де.

20160523142620

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өкінішке қарай, сондай ердің бірі – Қорғаныс министрлігінің майоры Асқар Қылышев 21 мамырдың түнінде Алматыда екі бойжеткенді қарашқылардан қорғаймын деп оққа ұшты. Кеше жақындары марқұмды ақтық сапарға шығарып салды.

«Майор іс-сапарда жүрген еді. Қайғылы оқиға әскери бөлімде емес, қалада болды. Қызмет уақыты біткен соң, марқұм Алматыдағы анасына жол тартқан. Жол-жөнекей такси тоқтатып тұрған майор екі бойжеткенге екі ер адамның тисіп жатқанын көреді. Бойжеткендерді қорғаған майорға қарақшылар  оқ атқан. Асқар Қылышев оқиға орнында қаза тапты», – деді ҚазАқпарат тілшісіне мән-жайды түсіндірген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаева.

Колбачаеваның айтуынша, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Екі күдікті адам қолға түскен. Ал, Қорғаныс министрлігі қайсар майордың отбасына қолдан келген көмек көрсетеді.

«Майордың отбасына тиісті көмек көрсетіп жатырмыз. Кеше марқұм жер қойнына тапсырылды. Біз қолдан келген көмекті аямаймыз, материалдық тұрғыдан да көмек береміз», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Асқар Қылышевтің іші мен мойнына оқ тиген. жарақаты өте ауыр ол тілге келместен көз жұмған. Марқұмның артында жары, екі қызы мен бір ұлы қалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Лейла says:

    Иманды болсын! Бұндай өлтірген хайуан дарга колдарына неге коргасынды ыстыктай кұю керек халықтың алдында сосын мына шай уксаган сайкалдар кошеде 5ариптен олдиндерме үйдің асыраушысы корганын олимге кетти алла сактасын. Аке шеше ата аналар кыздарымызды мынандай кошедетунде шыгудан тыйсак осындай жагдайлар болмас еді. Турмеге камап емес колдарын сыммен асып коздерине колдарына коргасын кұю кажет сонда гана. Казакстанда осындайлар токтар.

  • Жұмбақ жан says:

    Иманды болсын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар