Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қызды қорғау үшін өмірімен қоштасқан майордың отбасына көмек көрсетілді

Әскери адамдардың бойында қатты дамыған мінездің бірі – қорғау инстинкты. Жедел әрекет еткен кезде олар өзінің өміріне төніп тұрған қауіпті назарға ілмейді де.

20160523142620

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өкінішке қарай, сондай ердің бірі – Қорғаныс министрлігінің майоры Асқар Қылышев 21 мамырдың түнінде Алматыда екі бойжеткенді қарашқылардан қорғаймын деп оққа ұшты. Кеше жақындары марқұмды ақтық сапарға шығарып салды.

«Майор іс-сапарда жүрген еді. Қайғылы оқиға әскери бөлімде емес, қалада болды. Қызмет уақыты біткен соң, марқұм Алматыдағы анасына жол тартқан. Жол-жөнекей такси тоқтатып тұрған майор екі бойжеткенге екі ер адамның тисіп жатқанын көреді. Бойжеткендерді қорғаған майорға қарақшылар  оқ атқан. Асқар Қылышев оқиға орнында қаза тапты», – деді ҚазАқпарат тілшісіне мән-жайды түсіндірген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Колбачаева.

Колбачаеваның айтуынша, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Екі күдікті адам қолға түскен. Ал, Қорғаныс министрлігі қайсар майордың отбасына қолдан келген көмек көрсетеді.

«Майордың отбасына тиісті көмек көрсетіп жатырмыз. Кеше марқұм жер қойнына тапсырылды. Біз қолдан келген көмекті аямаймыз, материалдық тұрғыдан да көмек береміз», – деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Асқар Қылышевтің іші мен мойнына оқ тиген. жарақаты өте ауыр ол тілге келместен көз жұмған. Марқұмның артында жары, екі қызы мен бір ұлы қалды.

Талқылау