Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі басты жүгері собығы адамдарды аштықтан сақтап қалады

Колд Спринг Харбор (АҚШ) лабораториясының оқымыстылары жүгері өнімін 50 пайызға артық өндіру үшін екі басты мутант собықтарды өсірген.

кукурузаааа

Бұл туралы lenta.ru сайты жазды.

Зерттеушілер  жүгері собығының өсуін тоқтататын механизмнің барына басында күмәнмен қараған. Олар собықтың бойына қарай емес, екі басты болып өсуіне ықпал етуші күштің fea3 екенін анықтаған.

Жүгері собығының мутациясы ғалымдар қалағандай бірден екі басты собық болмады. Тура осы нәтижеге қол жеткізу үшін ұзақ уақыт бойына жұмыс істелген.

Арада болған сәтсіздіктер оқымыстылардың жұмысын тоқтатпады: олар мутацияның күшін баяу  режимге қосуды ақылдасып қабылдаған. Осының нәтижесінде собық басы жуандап, ондағы дән саны 50 пайызға көбейген.

Генетиктер мұндай тәжірибені  тек жүгері собығында ғана жасап қоймайтындарын айтуда. Осындай пайдалы дүниені ауыл шаруашылығында кеңінен пайдалануға болатынын айтуда.

2015 жылы оқымыстылар көкөністердің көлемдірек етіп өсіруге болатынын анықтаған еді. Олар бағаналық жасушалардың арқасында кез келген көкөністің, өсімдіктің  ген құрамын өзгертуге болады деген. Ғалымдар осы еңбектерін ауыл шаруашылығы өнімдерін еселеп өндіруге көмектеседі деген үмітте.

 

Талқылау