Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баласымен жалғыз қалған әйел ауруханада жатқан кезінде лотереядан 1 миллион теңге ұтқан

Айткүл Айтжанова жалғызбасты ана. Екі бүлдіршінді жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 9 ақпан күні кіші қызымен ауруханада жатқанда лотерея ойнап, 1 миллион теңге ұтып алған. Айткүл Айтжанова өмірінде алғаш рет лотереядан бағын сынап көргісі келген.

Екі баласымен жалғыз қалған әйел ауруханада жатқан кезінде лотереядан 1 миллион теңге ұтқан

Бұл туралы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басында бірнеше несиесі болған әйел тапқан олжасы арқылы қарызын жапқан.

“Үш билет алдым. Ол кезде қызыммен ауруханада жатқанмын. Бейсенбі күні сатып алдым, ұтыс сенбі күні ойнатылды. Арасында балам жылап кетті, бірақ қарап отырдым. Қоңыр блокнотым бар етін, Алланың жолында жүргеннен кейін “өтініш, осы сөзді қабыл ете гөр” деп керек сандардың бәрін жаздым. “1 миллионнан 14 миллионға дейін ақша ұттым. Ура, ура, ура” деп сеніммен жазып жібердім. Ойнап болдым, бір кісі онлайнмен 1 миллион ұтты деді. Бірақ өзім белгілеп үлгермей жаттым. Ұтқан адам қандай сәттілікке ие болды, күшті дедім. 9-дан 42 минут кеткенде телефонға смс келді. “Сіз ұттыңыз” деді. Бірақ қанша ұтыс екені айтылмаған. Кіріп тексерсем “сіз 1 миллион ұттыңыз” деді”, – дейді Айткүл.

Басында бірнеше несиесі болған Айткүл осы ұтыс арқылы қарызынан құтылған. Айтуынша, уақытылы төлемегендіктен, оның банкке қарызы 700 мың теңгеге дейін жеткен. Осылайша Айткүл лотерея арқылы үлкен кеселден құтылғанын айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау