Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі бүлдіршін қызды зорлап өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Зырянда екі бүлдіршін қызды зорлап өлтірген 25 жастағы Олег Яицкийге үкім шықты.

pogudx47itm1c3raf.88066899-kz

Олег кәмілетке толмаған Ксения Сидорина мен 8 жасар Виктория Тойкенованы зорлап өлтірді деп танылды. Ксения қыркүйек айында жоғалып кеткен. Вика 10 қараша күні жоғалды. Оның денесі ертеңінде қараусыз қалған үйдің жертөлесінен табылды.

Алайда Ксенияның туыстары Яицкийдің бұл қылмысқа қатысы барына сенбейді. Оған айыпталушының жауап беру кезінде үнемі шатаса бергені себеп болған. Сондықтан сот шешіміне қайта шағым түсермек.

Анасы қызын алып кетіп бара жатқанда ешбір куәгердің болмағаны мүмкін емес деп санайды. Айыпталушы “қызға айқайлап едім, ол содан бастап даусын шығармады” деп түсіндірген. Айыпталушы Ксенияның алқасы мен жүзігін, сөмкесін де нақтылап суреттей алмаған.
Сот шешіміне сәйкес, айыпталушы алғашқы бес жылын бір адамдық камерада өтейді.

Тағы да оқыңыз:
Талқылау