Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі ай бойы көліктің жүксалғышында жатқан павлодарлық жүргізуші тірі қалды

Екі ай бойы көлік жүк салғышында жатқан Виктор Оленбургтың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

1111111111

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Қазан айында жоғалған көлік жүргізушіның ағасы Геннадий Бугаковтың айтуынша Виктор қатты әлсіреген, алайда қазір өзін жақсы сезінеді. Ал әпкесі Ольга Тунковская болса, Виктордан үміт үзе бастаған екен, алайда барлығы жақсы аяқталғанына өте қуанышты. «Виктордың әйелі мен Герман атты баласы отағасын асыға күтіп отыр» – дейді Ольга. 22 қазанда әлеуметтік желілердің бірінде Геннадий Бугаковтың бауыры жоғалғанығы туралы жазбасы жарық көрген. Соңғы рет 21 қазан күні Жезқазған қаласынан жүк тиеп, Қарағандыға аттанған. 27 қазан күні оның көлігі бос күйінде табылып, өзі хабарсыз кеткен.

Іздестіру шараларын жүргізген Қарағанды облыстық ІІД Солтүстік Қазақстан облысының ІІД өтініш білдірген. Бұдан кейін тәртіп сақшылары Петропавлдағы гараждарды тексерудің нәтижесінде Викторды көліктің жүк салғышынан тапты. Виктор аштықтан әбден қалжыраған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, өліп кетудің сәл алдында қалған.

Ал 18 тонна мысты қолды қылып, 12 миллион теңгеге сатқан қарақшылар 19 желтоқсан күні өз кіналарын мойындап, жүк көлігінің жүргізушісін Петропавловск қаласында орналасқан гараждардың бірінде жеңіл көліктің жүк салғышына жасырғандарын айтқан.

Қазіргі кезде күдіктілердің екеуі де Қарағанды облыстық ІІД-нің тергеу изоляторында отыр.

 

 

Талқылау