Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі ай бойы іздеуде жүрген алматылық 16 жастағы қыз Шымкенттен табылды

Алматы облысының полициясы екі айдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген 16 жастағы қыздың тұрған жерін анықтады.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Талғар ауданының Ақтас ауылында кәмелетке толмаған жасөспірім 8 қаңтарда жоғалып кеткен. Полиция іздеу жарияланған қыздың суретін әлеуметтік желілерге және ақпараттық агенттіктерге таратқан болатын.  Нәтижесінде олар жасөспірімді Шымкент қаласынан тапты.

«Туыстарымен  ұрсысып қалған қыз ата-анасына жеке өмір бастайтыны жазылған хат қалдырып, үйден кетіп қалған. Ұзақ іздеуден кейін жасөспірім Шымкенттен табылды. Қазір Шымкент қаласындағы колледждердің бірінде оқып жүрген қыз полициямен сөйлескеннен кейін туыстарымен байланысқа шыққан. Ол оқуын жалғастыруға ниетті. Бізге белгілі болғандай, жасөспірім ата-анасының келісімін алған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Департаменттің айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың Шымкент қаласын таңдаудың бір себебі бар. Олар жасөспірім бұған дейін де әлеуметтік желі арқылы сол жердің жігітімен сөйлесіп жүргенін айтты. Сондықтан 16 жасар қыздың Шымкентке кетуіне осы таныстық себеп болуы мүмкін, деп отыр департаменттегілер.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласындағы колледждердің бірінде білім алып жүрген қыз алдағы наурыз мейрамында ата-анасына келіп кетпекші.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 3 миллионның дәретханасын таныстырған экс-әкім жемқор болып шықты

Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

Министр мұғалімдердің жалақысын өсіру қалай жүзеге асатынын айтты

Сағадиев: Қазақстан мектептерінде жаңа лауазым пайда болады

Талқылау