Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі апта жоғалып кеткен өскемендік әскери тұтқынға алынды

28 ақпан күні әскери бөлімді тастап, хабар-ошарсыз кеткен әскери Дәулет Орынтаевты Өскемен соты тұтқындады. Бұл туралы Өскемен гарнизоны әскери прокуроры Ерлан Бетекбаев хабарлаған.

yO1tOEczZPI_0_1_3

12 наурыз күні Алматыда аймақтық гарнизонның жедел әскери полиция тобы ефрейтор Дәулет Орынтаевты “Сайран” автовокзалының маңында ұстаған еді. Әскеридің айтуынша ол екі аптаны Алматыда өткізіп, өз бетімен қыдырған. Іс бойынша полиция зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

“Әкімшілік сот әскери бөлімде зерттеу жүргізді. Процеске келісім-шартпен қызмет ететін барлық әскери шақырылды. “Әскери бөлімді немесе қызмет орынын ешқандай нақты себепсіз, 10 күннен астам уақытқа дейін тастап кеткені үшін” сот әскери қызметкерді айыпты деп тапқан. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 4 бабы бойынша айыпталуда”, – деп хабарлады Ерлан Бетекбаев.

Сот Дәулет Орынтаевқа үш күндік қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындады. Әскери прокурор айыпталушы өз кінәсін түсініп бұдан былай мұндай қателік жібермеуге уәде берді дейді. Әскери қызметкер ұжымның алдында да кешірім сұраған.

Еске сала кетсек, Өскеменде әскери қызметкердің жоғалып кеткені туралы ақпарат ақпан айының 28-інде шыққан еді. Алайда оны табу тек 12 наурыз күні ғана мүмкін болды. Ол өзінің жоғалу себебін демалғысы келгендігімен түсіндірген.

Талқылау