"Қайрат қызғанып қалатын": Жұлдыз Әбдікәрімова естелігін бөлісіп жұртты күлдірді

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың қызын кімнен қызғанатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен қызы сезімнің бала күнгі естеліктерін бөлісті. Атасының қызы болып өскен жұлдызды жұптың тұңғыштары баламыз сияқты болмады дейді ол. Өйткені Сезім Жұлдыздың 19 жасында дүниеге келген. Әншінің әйелі Қайраттың қызын қызғанғаны жайлы жеткізді.

"Бұл тұңғышымыз - Сезім. Атасының қызы. Туғаннан бері сол кісінің қолында өсті. Өткен жолы алғаш рет ана болғандағы қызықтарым жайлы бөлісемін деп едім ғой. Соның реті бүгін келген екен. Ол кезде 19-да едім. Аса бір жерік те болмадым. Бәрі тыныш өтті. Босанған соң да қиындық тудырмады. Керісінше қарны тоқ болса, тып тыныш жата беретін. Қазір ойлап отырсам сол кезде қолында баласы бар бала болған екенмін. Қызым іңгәләп жатса да, әлди айтып, жұбатуды білмеппін. Үнсіз киіндіріп, үнсіз тамақтандыратынмын. Көп көңіл бөліп кетсем, Қайрат кәдімгідей қызғанатын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Қайраттың Сезімді қалай баққанын айтып жұртты күлкіге қарық қылды Жұлдыз. Оның айтуынша, тұңғыштары Қайраттың өзінен аумай қалған. Қылығы да, мінезі де, істегені де тура әншінің өзі. Жұлдыз Әбдікәрімова қызының қызықты шақтарын еске алды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұл тұңғышымыз - Сезім. Атасының қызы. Туғаннан бері сол кісінің қолында өсті. ⠀ Өткен жолы алғаш рет ана болғандағы қызықтарым жайлы бөлісемін деп едім ғой☺ Соның реті бүгін келген екен. ⠀ Ол кезде 19-да едім. Аса бір жерік те болмадым. Бәрі тыныш өтті. Босанған соң да қиындық тудырмады. Керісінше қарны тоқ болса, тып тыныш жата беретін. ⠀ Қазір ойлап отырсам сол кезде қолында баласы бар бала болған екенмін. Қызым іңгәләп жатса да, әлди айтып, жұбатуды білмеппін. Үнсіз киіндіріп, үнсіз тамақтандыратынмын. Көп көңіл бөліп кетсем, Қайрат кәдімгідей қызғанатын. ⠀ Қателеспесем, Сезімнің 3-4 айлық кезі. Әлі аунауды да білмейді. Ұйықтап жатқан әкесінің қасына «қарап қойшы» деп тастап кеткен едім. Сәлден кейін қызымның дауысы ас үйге дейін естілді. Барсам "бүлдіріп" қойыпты. Айналасының бәріне "таңба" қалдырған😄 Қайрат ұйықтап жатыр. «Жаялығымды ауыстыр» деп жыласа керек. Әкесі ұйқылы-ояу жұбатпақ боп, кеудесіне жатқызып, тербетіп көрген. Болмаған соң қайта төсекке жатқызған. Екеуінің де сау тамтығы жоқ)) 💩 Әбден күлдім. Кейін шай үстінде осы әңгімені енеме айтсам: «Қайрат та тура солай әкесінің үстін былғаған», - дейді. Қызық.. Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол келедінің кебі)) ⠀ Сөйтіп өскен Сезім қызымыз жинақы, жауапкершілігі мол әрі кішіпейіл. Адамдардың көңіліне қарай иіліп тұрады. Жүрген жерінде жан-жағына қарап, байқап, содан кейін ғана бойын еркіндікке жібереді. ⠀ #балаland #kidsstan #балатәрбиесі #жұлдыздытәрбие #отбасы #сезім #алау #нарұл #хан #жұлдызабдукаримова #KN Photo: @kobelevaphoto

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

"Қателеспесем, Сезімнің 3-4 айлық кезі. Әлі аунауды да білмейді. Ұйықтап жатқан әкесінің қасына "қарап қойшы" деп тастап кеткен едім. Сәлден кейін қызымның дауысы асүйге дейін естілді. Барсам "бүлдіріп" қойыпты. Айналасының бәріне "таңба" қалдырған Қайрат ұйықтап жатыр.

"Жаялығымды ауыстыр" деп жыласа керек. Әкесі ұйқылы-ояу жұбатпақ боп, кеудесіне жатқызып, тербетіп көрген. Болмаған соң қайта төсекке жатқызған. Екеуінің де сау-тамтығы жоқ. Әбден күлдім. Кейін шай үстінде осы әңгімені енеме айтсам: "Қайрат та тура солай әкесінің үстін былғаған", - дейді. Қызық.. Әкеңе не қылсаң, алдыңа сол келедінің кебі", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр