Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егор Мехонцов: Әділбекті ұтқан кубалықтың өнері бокс емес порнография

Лондон Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Егор Мехонцов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында кубалық Хулио Сезар Ла Круздың көрсеткен өнерін бокс емес деп жазды.

 20160819034553

Бүгін Рио-де-Жанейродағы XXXI Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында 81 келіге дейін салмақтың финалы өткен еді. Шешуші сында қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен кубалық Хулио Сезар Ла Круз жолығып, кубалық жеңіске жетті. Дәл осы салмақта Лондон Олимпиадасында чемпионы атанған Егор Мехонцов кубалықтың шаршы алаңдағы қимылына өзінің наразылығын білдірді. Боксшы Әділбек Ниязымбетов олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

«Бұл бокс емес, порнография. Оны кубалық ұйымдастырды. Бұл бокс үшін ұят нәрсе», – дейді Егор.

Ол кездесу алдында Әділбекке жанкүйер екенін айтып, жерлесіміздің фотосын салған еді. Сондай-ақ екінші раундта Ниязымбетов таза ұтқанын айтып отыр.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов пен Егор Мехонцов осыдан төрт жыл бұрын Лондон Олимпиадасының финалында кездескен. Ол кезде жекпе- жек 13:13 есебімен аяқталған еді. Төрешілер жеңісті ресейлікке беріп жіберген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Балуан Екатерина Ларионова олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды (фото)

Гүзел Манюрова Рио Олимпиадасының финалында

Талқылау