Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіздің анасы атанған Інжу аз уақытта дене сымбатын қалай қалпына келтіргенін айтты

Інжу ханым былтыр егіз баланың анасы атанып, аз уақыт ішінде бұрынғы дене сымбатына оралған болатын. Әнші құпиясын ашып, босанғаннан кейін қандай жаттығулар жасауға болатынын айтып берді.

17438025_273132919807474_3302043485061775360_n

Бұл туралы “Күліп оян, Алматы” бағдарламасында айтылды.

“Мен үшін әрбір таң баламның ішкиімін ауыстырудан басталады. Артынша тез асүйге кіріп, олардың тамағын әзірлеуге кірісемін. Тамақ дайын болғанша түрлі жаттығу жасаймын. Көбінесе мидың тез жұмыс істеуіне, жүрек-қан тамырлары жұмысының жақсаруына арналған жаттығулар жасаймын. Жаттығу әдетте көзден басталады. Көзді қатты жұмып тұрып, кеңірек ашу керек. Содан кейін мұрынмен тыныс алып, ауызбен шығару қажет. Осылайша оттегі миға жылдам барып, мидың оянуына септігін тигізеді.

17662851_1863709740570794_6992503973919850496_n

17438260_150398032150673_6574208510437883904_n

19051964_839206279560110_4942792572058730496_n

Біз барлығымыз кеудемен тыныс алып үйреніп қалғанбыз. Бірақ, кеудемен емес, ішпен тыныс алған жөн. Өзі босанған әйел адам жаттығуларға екі аптадан кейін немесе бір айдан кейін кірісе бергені жөн. Ал табиғи жолмен босанғандар тек 2-4 айдан кейін ғана кіріскендері жөн. Мұнымен қатар, бұл жаттығуларды шығыс биімен алмастыруға болмайды. Себебі, жас ана кеудесі мен бөксесін көп қозғалтпауы тиіс”, – дейді Інжу.


Жіберіп алмаңыз:

Нихан кинодағы сүйіктісі Кемальдің тойына неге келмеді?

“Иванушкидің” экс-солисі Олег Яковлевтің алкогольдан уланғаны белгілі болды

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Талқылау