Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз қыздарға үйленген егіз ағайындылар бір-бірлерін шатастырып жүр (фото)

Даг есімді ер адам асүйге кіре сала әйелді құшақтап, аймалай жөнеледі. Кенет Даг басқа әйелді сүйіп тұрғанын түсінген кезде кілт тоқтай қалады. Олардың некеде тұрғанына бірнеше жыл болғанына қарамастан, әлі күнге өзінің ағасына үйленген әйел мен өз әйелін шатастырып ала береді.

1108

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

4111

Даг мен Джилл 24 жылдан бері өздерінің ағасы және әпкесі Фил және Дженмен бірге бір шаңырақ астында тұрып келе жатыр. Олардың үйі Айдахо штатындағы Москоу қаласында орналасқан.

258

Егіздердің арасында ерекше психолэмоционалды байланыс бар. Бұл отбасында да сондай: олар бір үстелден тамақтанып, саяхатқа бірге шығып, бірдей шаш үлгісін қойып, тіпті бір жерде жұмыс істейді. Бірақ, олар бәрібір өз күйеуі мен әйелін жиі шатастырады.

525

Джилл мен Джена бірдей киінеді. Фил кейде әйелі қайсысы, келіні қайсысы екенін ажырата алмай қиналады. “Біз ешқашан бір-бірімізге бірден жақындай кетпейміз” дейді ол. Осындай жағдайға қарамастан олар бір үйде тату тұрып келе жатыр. Даг пен Джиллдің 19 жастағы Райли есімді қыздары, ал Фил мен Дженнің 18 жастағы Тим есімді ұлдары бар.

1912

Ағайынды егіздер 1991 жылы егіздер фестивалінде танысқан. Қыздар ол жерге Мичиган штатынан келеді. Мерекені тойлап жүрген олар кенет фотоаппараттарын сындырып алып, егіз жігіттерден көмек сұрап келеді.

1514

Ол кезде жігіттердің жасы 34-те болса, қыздар 24-те болған. Ә дегеннен бір-бірімен жарасып кетеді.

2011

Бірнеше айдан соң олар тура сол фестивалде үйлену тойларын жасайды. Бұл 1993 жылдың 7 тамызы. “Адамның тұлғасы үлкен маңызға ие. Егер Даг Дженмен, ал мен Джилмен көңіл қосқан болсам, ешбір той болмаушы еді”, – дейді Фил.

625

Өз кезегінде Райли мен Тим де бір-біріне ұқсайды. Олардан да көп адам туыс емессіңдер ме деп сұрайды екен.

724

Бірақ олардың қызығушылықтары әртүрлі: Райли биологияны ұнатса, Тимді драматургия мен театр қызықтырады.

Оқи отырыңыз:

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Джеки Чан туралы қызық деректер топтамасы (фото)

Британ ханшайымының стилін дәлме-дәл көшірген қыз танымал адамға айналып шыға келді (фото)

Адамның жүрегіне сенім ұялататын ерекше оқиғалар (фото)

Талқылау