Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз балаларын өлтіргені үшін сотталған ерлі-зайыптының ұлдарының тағдыры белгілі болды

Егіз балаларын өлтіріп, ұзақ жылға сотталған ерлі-зайыптының үлкен ұлы Өзбекстанға жіберілетін болды. 3 жасар Равильді алып кетуге бүгін Ташкенттен туған әжесі келген. Туған ұлы мен келіні қанды қылмыс жасап, бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген әйел тілшілерге жақ ашып ештеңе айтпады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрия Гильмутдинова бүгіннен бастап бүлдіршіннің заңды қамқоршысы саналады. Десе де, қазір балалар үйінде жатқан Равиль анасының атына жазылған.

Сәйкесінше, азаматтығы да Қазақстандікі. Ал, әжесі оны өз атына аударып алмақ ниетте. Тіпті,  баланың атын да өзгертпекші. Ол немересін алып кетуге қажетті құжаттарды түгел жинаған. Бірақ, енді шекара асу үшін бүлдіршінге шетелдік төлқұжат жасату керек. Оны дайындау да біраз уақыт алмақ. Естеріңізге салсақ, Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко егіз балаларын өлтіргенімен қоймай, үлкен ұлдарын да көше ортасында қараусыз тастап кеткен болатын. Олар бұл әрекеттері үшін 18 және 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Екеуінің 3 ұлына да салғырт қарағаны сараптама кезінде де белгілі болды. Өйткені, бәрінен түрлі ауру анықталған болатын.

«Әжесі болашақта баланы түбегейлі асырап алғысы келеді. Оған өз тегін бермек. Тіпті, есімін де өзгертемін деп отыр. Равильдің өзі де әжесін танып, құшағына жүгірді. Енді Өзбекстан азаматы бар өмірін немересінің тәрбиесіне арнамақ», – дейді Медеу аудандық білім бөлімінің бас маманы Айткүл Кемебаева.

Оқи отырыңыз:

Астанада қаруланған полицейлер қаладан шыққан көліктерді тексеріп жатыр

Мәскеу облысында мәйіті табылған 3 қазақстандық туралы жаңа деректер шықты

ОҚО-да ауыл имамы уағыз арқылы терроризмді насихаттап келген

Ауыл әкімі соққыға жыққан баланың анасы мән-жайды түсіндіріп берді

Талқылау