Египетте қарулы адамдар қазақстандық кинематографтарды тұтқынға алды

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 18:17

Режиссер Ариэль Асеновтың қоластындағы қазақстандық кинематографтар Египеттің Дахаба қаласында белгісіз біреулердің тұтқынында қалған.

щ

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Фильмнің түсіру тобы Қызыл теңіз жағалауындағы Дахаба қаласында «Не парьте мне мозги, или Каскадершу не стоит злить» атты комедиялық фильмнің түсіру жұмыстарын жүргізген. Осы кезде оларды қаруланған алты адам келіп, қорқытып, алып кеткен. Сондай-ақ оларды біраз уақыт бойы босатпаған.

«Бізге ұйымдастырушылар тек қонақүй жанында түсірілім жасауға болатынын айтқан болатын. Алайда, біз тәуекелге бара отырып, кейбір көшелерде түсірілім жасай бастадық. Бастапқыда қала әкімшілігінің өкілдері келіп жағдайды сұраған. Біз мән-жайды айтқан соң, мәселе шешілгендей болған. Алайда, біраз уақыттан соң қарулы адамдар келіп бізді алып кетті. Кейінен босатты. Бірақ, қазір түсіру тобы мүшелерінің кино түсіруге көңіл-күйлері жоқ. Мұнда түсірілім жасаудың қауіпті екенін біледі. Сондықтан Қазақстан елшілігімен хабарласып сөйлестік», – дейді дыбыс режссеры Константин Кузнецов скайп арқылы сөйлеген сөзінде.

Ол қаланың барлық жерінде түсірілім жасауға рұқсат ала алмағаны үшін өкінеді. Египет кәсіпкері, «Мираж» қонақүйінің иесі мұндай рұқсат алуға болатынын, алайда оған біршама уақыт керек екенін айтыпты.

Түсіру тобы Египетте 20 күндей түсірілім жасауы керек болған. Алайда, елде мүмкіндіктің жоқтығына байланысты олар елшіліктен Қазақстанға ертерек қайтуын сұраған.

Түсіру тобы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Асеновтың қызы Ариэль Асенованың жетекшілігінде. Фильмде басты рольді актриса Жібек Жаппасбаева сомдайды. Ол бұған дейін «Номад» тобының каскадеры болып танылған.

Алан Исаев

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар