Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте “исламды қорлаған” оқушыларға 5 жыл жаза кесілді

Египеттің оңтүстігінде сот үш мектеп оқушысын, “исламды қорлағаны” үшін айыптап әрқайсын 5 жылға бас бостандықтарынан айырды. Тағы бір 15 жастағы бозбала кәмілетке толмағандарға арналған колонияға жіберілді. Олардың барлығы египет христиандары болып саналады.

253c52677b801b103a9a1b0650595753

Сурет stmegi.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Төрт оқушы бейнежазба үшін айыпталып отыр. Бейнематериалда олардың біреуі жалбарынған мұсылманның суретін салып жатады. Қалғандары оның артында тұрып, мұсылманның басын алып жатқан суретті бейнелейді. Видео 2015 жылдың қаңтар айында түсірілген.

Қорғаушы Махер Нагибтің айтуынша, сотталған оқушылар Эль-Минья провинциясында тұрады. Нагиб оқушыларға сондай жаза кесілгеніне таңғалады. Ол мұндай жағдай тек айыппұлмен шектелу керек еді дейді. Қорғаушы сотқа балалардың исламды емес, “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымының қатаң әрекетін бейнелегенін дәлелдегісі келген. Нагиб қазір сотқа қайта арыз түсірмекші.

Бейнематериалды өз телефонына мектеп мұғалім 42 жастағы Гад Юнан түсірілді деп аталуда. Мұнан соң видеоны 2 мың мұсылман тұратын көрші Әл-Насыр ауылындағы тұрғындар көріп қалып, наразылық тудырған.

Талқылау