Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егер мен ақша сақтаған банк банкрот болса

1. Не жағдай болды?

ҚР Ұлттық банкі Qazaq bank, “Астана” және “Эксим банкінің” депозит алуға және жеке тұлғаға есепшот ашу лицензиясын тоқтатты. Бұған жүйелік жеткіліксіздігі, келісім міндеттерінің орындалмауы мен ақша аудару қызметінің нашарлығы себеп. Депозит мөлшері 53 млрд тенгені құраған «Астана» банкінің көптеген салымшысында осындай проблемалар туындады.

Банк 31 тамызға дейін шектеу қойып, айына тек 100 мың теңге шешіп алуға мүмкіндік берді. «Астана» банкі мен Ұлттық банк салымшыларды шу көтермеуге шақырды. Олардың карта мен есепшоттағы ақшалары бір адамға 10 миллионға дейін толығымен сақталатынын айтты.

2. Банк банкрот болған жағдайда, кепілдік қоры арқылы ақшаны қайтару қызметі қалай жүзеге асады?

ҚР «Екінші деңгейлі банктердегі депозиттің міндетті кепілдендірілуі» заңына сәйкес, салымды кепілдендіру қоры заң күшіне енген уақыттан бастап 14 жұмыс күні аралығында ақшаны қайтарады.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге де кепілдік беріледі. Ақша алу карталары мен есепшот, депозит ашқан адамның азаматтығы есепке алынбайды.

Егер банк мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатса, банк есепшотының не салымының иесі аздаған кепілдік өтемақы алады:

Ұлттық валютадағы депозит бойынша 10 млн теңгеге дейін;

Шетел валютасындағы депозит бойынша 5 млн теңгеге дейін;

Барлық сома 10 млн теңгеден аспайды. (Егер депозит ұлттық не шетел валютасында бір уақытта салынса)

3. Мен ақшамды қайдан алам?

Кепілдік ақшасы кепілді депозиттер жүйесінің банк қатысушылары арасында өткен конкурста таңдалған банк-агент арқылы беріледі. Ол үшін банк-агентке жазбаша арыз жазу керек. Банк-агент арызды 5 күн ішінде қарайды. Салымшылар төлемдер басталған күннен бастап 6 ай ішінде агент банкінің кез келген бөлімшесіне жүгінуге құқылы. 6 айдан кейін салымшыларға Депозиттерге кепілдік беру қорында кепілдікті қайтару мүмкіндігі беріледі, өтеу мерзімі шектеусіз.

4. Депозиттерге есептелген барлық сыйақы маған төленеді ме?

Қордың есептелген сыйақысына кепілдік берілмейді: бұл міндеттемелерді банктің тарату комиссиясы өтейді. Егер банктік салым шарты капиталдандыруды көздейтін болса, салымның негізгі сомасына пайыздық үстемақы енгізілген жағдайда, кепілдік бойынша өтеудің максималды сомасы шегінде салымның барлық сомасы кепілдікке жатады.

5. Депозит сақтандырылған сомадан асып кетсе, не істеу керек?

Кепілдік немесе есептелген сыйақы мөлшерінен асатын соманы алу үшін тарату комиссиясына банктің таратылғандығы туралы хабарлаған күннен бастап 2 ай ішінде талап қою қажет. Осы кезеңнен кейін инвесторлар сотқа талап қоюға құқылы. Төлем мерзімі банктің активтері мен мүлкіне байланысты. Кепілдік берілген сомадан жоғары соманы тарату комиссиясы 4 тәртіппен төлейді.

  • біріншіден, банк өмірі мен денсаулығына зиян келгені үшін жауапты жеке тұлғалардың талабы орындалады;
  • екіншіден, еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына берешегі барларға, жалақыдан ұсталатын алимент пен зейнетақы қорына ұсталатын ақша бойынша ақша мен өтемақы төленеді;
  • үшіншіден, депозит кепілдігін жүзеге асырған ұйымның талабы орындалады. Таратылған банкте көрсеткен есептеуiне сәйкес кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша төленген (төленетін) өтем сомасы қанағаттандырылады;
  • төртінші, жеке тұлғалардың депозит бойынша талаптары, зейнетақы қорынан салынған депозит бойынша талаптары орындалады;
  • бесінші кезекте қайырымдылық қызметімен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен есеп айырысады;
  • алтыншы кезекте таратылатын банк мүлкінің кепілі бойынша қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың талабы қанағаттандырылады;
  • жетінші кезеңде алым-салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін қарыздар өтеледі.
  • сегізінші кезекте басқа кредиторлармен есеп айырысу жүзеге асырылады.

6. Егер 10 миллионнан сақталған екінші банк те банкрот болса, екі банктегі салымым қайтарыла ма?

Иә, жеке тұлғаның кепілденірілген депозит жүйесі бойынша бірнеше банкте сақтаған ақшасы жеке-жеке максималды сомамен қайтарылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау