Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егде кісі Петропавл емханасында кезек күтіп тұрып қайтыс болды

Қарт кісінің көрер жарығы терапевт дәрігерге өз кезегін күтіп тұрған сәтте таусылған.

8432770

Петропавл қаласындағы №1 емханадағы куәгерлер, дәрігерге кіру үшін кезекте тұрған ер адамның өзін нашар сезіне бастағанын айтады. Ол адамдардан қабылдауға кезексіз кіріп-шығуды сұрағанымен, ешкім оны алға қарай өткізбеген. Санаулы минут өткен соң, зейнеткер сол жерде жан тапсырған.

№1 емхананың бас дәрігері Светлана Кашенцованың айтуынша, 75 жасқа келген емделушінің бірнеше сырқаты сыр беріп жүрген көрінеді.

«Ол кісі жүрек ауруы, артериалды гипертензия, қант диабеті, жүрек қызметінің бұзылуы секілді аурулармен біздің емханада есепте тұрған. Сондай-ақ көз жанарына ота жасату үшін, қажетті құжаттарының барлығын дайындап та қойған болатын», – дейді Кашенцова.

Мекеме басшысы емделушінің дәрігер кезегіне алдын-ала жазылып қойғанын да ескертті.

«Сол уақытта дәрігердің қабылдауында адам бар еді. Ал ол кісі орындыққа отырып, жағдайы қиындай бастады. Бұл кезде адамдар дәрігерлерді шақырып, алғашқы көмек те көрсете бастаған. 6-7 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, оның өмірін құтқарып қала алмады», – дейді емхананың бас дәрігері.

Ем қабылдаушы ер адам 8 қаңтардан бері дәрігердің қабылдауында болған. Ол кездері денсаулық жағдайы бойынша өзін нашар сезінетіні жайлы ештеңе айтпаған.

Талқылау